Адрес сайта
Телефоны регистратуры:
+7 (7132) 21-10-53
+7 (7132) 22-02-62
+7 (7132) 21-04-40
Версия для
слабовидящих
01
апрель
2020

Информ

Сіздерге МӘМС нені ұсынады?
Қолжетімді ем алу
Сіздің өз қалауыңыз бойынша кез-келген мемлекеттік немесе жеке меншік клиникада медициналық көмек алуға құқығыңыз бар. МӘМС пакетінің шеңберінде Сізге дәрігердің қабылдауынан бастап жан жақты тексерулер мен қымбат тұратын операцияларға дейін барлық қызметтер көрсетілетін болады. Олар бойынша барлық шығыстарды Қор төлейтін болады.

Сапалы медициналық көмек
Әрбір клиника Сізге жоғары білікті көмек көрсетуге мүдделі болады. Енді ауруханалар мен емханалар МӘМС пакетіне кіретін сапалы қызметтері үшін Қордан ақша алатын болады, олар: нақты диагностика, жақсы емдеу, уақытында оңалту, тәжірибелі медперсоналдар жүзеге асыратын мейірбике күтімі.

Тегін және қолжетімді дәрі-дәрмек
Сіздің мемлекет белгілеген аурушаңдықтар түрлері бойынша тегін дәрілік заттарды алуға құқығыңыз бар. Сіздің бұл дәрілерді олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздің барлық дәріханаларынан сатып алуыңызға болады. Қор дәріханалар қызметінің ақысын өзі төлейтін болады.

Сіздің құқықтарыңыз бен мүддеңізді қорғау
Егер Сіз емдеуден бас тарту немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болсаңыз Сіз Қорға хабарласа аласыз және ол Сізді және Сіздің мүддеңізді қорғайтын болады. Қор клиникаларға қатал іріктеу жүргізіп, қызметтің көрсетілу сапасын қатты бақылап, Сіздің өтініштеріңіз бойынша тексерулер тағайындап, шаралар қолданатын болады.

Өз денсаулығыңыз жайлы толық ақпарат алу
Жаңа электронды денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастырылатын болады, осының шеңберінде Сіздің жеке кабинетіңіз болады. Онда Сіздің емханағаларға келгеніңіз, стационарлардағы емделулер, тексерулер мен талдаулар нәтижелері, дәрігерлердің қорытындылары мен берген ұсынымдары туралы барлық ақпарат болады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив