Адрес сайта
Телефоны регистратуры:
+7 (7132) 21-10-53
+7 (7132) 22-02-62
+7 (7132) 21-04-40
Версия для
слабовидящих
» » Ақтөбе облысында 1830 медицина қызметкері үстемақы алады
13
октябрь
2020

Ақтөбе облысында 1830 медицина қызметкері үстемақы алады


COVID-19 және вирустық пневмонияға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыны ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.
«Қор медицина қызметкерлері алдындағы барлық міндетті толық және уақтылы орындап отыр. Мәселен, наурыз айында 1 195 медицина қызметкеріне қосымша 116,4 млн теңге төленді.
Сәуірде – 1891 медицина қызметкеріне, 265,3 млн теңге
Мамырда – 1777 медицина қызметкері, 314,6 млн теңге
Маусымда - 2779 медицина қызметкеріне, 536,2 млн. теңге
Шілдеде – 3607 медицина қызметкеріне, бір миллиард теңгеден астам төлем ақы төленді.
Тамыз айында жұмысқа тартылған медицина қызметкерлеріне 461,6 млн. теңге төленді» - деп хабарлады «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ке АҚ АОФ-ның директоры Батырбек Нургалиев.

Үстемақы алатындардың тізімін өңірлердегі арнайы комиссия жасақтайды. Тізім дайын болғаннан кейін Қор ай сайынғы қосымша төлемдерді төлеуге кіріседі. Қор бұл жұмысты 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Тәуекел тобына қарай медицина қызметкерлері 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге (20 АЕК) дейін қосымша ақы алады.
Естеріңізге сала кетейік, егер үстемеақыға қатысты сұрақтар болса, өңірлік комиссияға хабарласу қажет.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив